Кремация рәсімін өткізуге арналған жадынама
Кремацияға қатысты тірі кезіндегі ерік білдіруді рәсімдеу және кремацияны ұйымдастыру мен жүргізу тәртібі туралы
ЖАДЫНАМА
1. Кремацияға қатысты тірі кезіндегі ерік білдіруді қалай рәсімдеуге болады?
«Кремацияға қатысты тірі кезіндегі ерік білдіруді тіркеу» мемлекеттік қызметін электрондық үкіметтің eGov.kz порталы немесе eGov Mobile мобильді қосымшасы арқылы онлайн алуға болады.
eGov.kz порталында рәсімдеу тәртібі:
-
Авторизациядан өту. eGov.kz порталына электрондық цифрлық қолтаңбаны (ЭЦҚ) немесе eGov Mobile қосымшасы арқылы QR-кодты пайдаланып кіріңіз.
-
Қызметті іздеу. Порталдың іздеу жолағы арқылы «Кремацияға қатысты тірі кезіндегі ерік білдіруді тіркеу» қызметін (P718 коды) табыңыз.
-
Өтініш беру. «Қызметке онлайн тапсырыс беру» батырмасын басыңыз. Жүйеде тиісті мәліметтер болған жағдайда, негізгі дербес деректер автоматты түрде толтырылады.
-
Әрекетті таңдау. Кремацияға келісімді тіркеуді немесе бұрын берілген ерік білдіруді кері қайтарып алуды таңдаңыз.
-
Өтінішке қол қою. Дербес деректерді өңдеуге келісіміңізді растаңыз және өтінішке портал ұсынған тәсілмен қол қойыңыз.
-
Нәтижені алу. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі туралы ақпарат жеке кабинеттегі «Қызметтерді алу тарихы» бөліміне жіберіледі.
Маңызды ақпарат:
-
Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.
-
Тірі кезіндегі ерік білдіруді белгіленген тәртіппен тиісті өтініш беру арқылы кері қайтарып алуға болады.
-
Өтініш берер алдында eGov.kz порталында қызмет көрсетудің қолданыстағы шарттарымен танысу ұсынылады.
2. Кремация жүргізу үшін қандай құжаттар қажет?
Кремацияны ұйымдастыру үшін мынадай құжаттарды дайындау қажет:
-
Қайтыс болған адамның денесін өртеу (кремациялау) туралы тірі кезіндегі ерік білдіру құжаты.
-
Уәкілетті орган берген қайтыс болу туралы куәлік.
-
№ 045/у нысанындағы қайтыс болу туралы медициналық куәлік (түпнұсқасы немесе көшірмесі).
-
Өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжат.
-
Өтінішті қайтыс болған адамның жұбайы (зайыбы) немесе жақын туысы берген жағдайда, өтініш берушінің қайтыс болған адаммен туыстық қатынасын растайтын құжаттар.
-
Өтініш уәкілетті өкіл арқылы берілген жағдайда, Қазақстан Республикасының заңнамасының талаптарына сәйкес ресімделген және өкілдің кремацияны ұйымдастыруға, қажетті құжаттарды ресімдеуге, шарт жасасуға және (немесе) күлді әрі ілеспе құжаттарды алуға өкілеттігін растайтын сенімхат.
3. Кремация құны
Кремация қызметінің құны 240 000 (екі жүз қырық мың) теңгені құрайды.
Көрсетілген құнға жерлеу рәсіміне арналған керек-жарақтар мен қосымша қызметтер кірмейді.
4. Байланыс ақпараты
Құжаттарды рәсімдеу, шарт жасасу және кремацияны ұйымдастыру мәселелері бойынша төмендегі телефондарға хабарласуға болады:
Тіркеу бөлімі: +7(727)-341-02-50
Әкімшілік қабылдау бөлмесі: +7(727)-344-27-53


