г.Алматы, микрорайон Алгабас, ул. 7, 131
8 727 383 56 11 (регистратура)
8 727 344 27 53 (администрация)

` Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Меню

Астана күніне орай

2019 жылдың 5 шілдесінде Алматы қаласының Қалалық патологоанатомиялық бюрода
АСТАНА КҮНІНЕ ОРАЙ жиналыс өтті

Шараға бюро жетекшісі Б.Д.Алибеков бастаған ұжым жаппай қатысты. Шараның негізгі мақсаты –  ғасырлар бойы басқа елдің езгісінде келген халқымыздың тәуелсіз мемлекет болып іргесінің нық қалануы, 30 ірі мемлекеттің қатарына еніп Қазақстан ғана емес қазақ елінің елге танылуы, ата-бабамыз ұстанған  мәдениетіміз бен салт-дәстүрімізді жаңғырту мәселелері талқыланды.

Сондай-ақ, Б.Д.Алибеков еліміздің тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың туылған күні астана күніне орайластырылынып отырғандықтан елбасының еңбектері мен жеткен жетістігі жайлы және  30 жыл аралығында қазақстандықтардың өмір сүру сапасының қаншалықты өзгергендігі, халықтың əлеуметтік жағдайының қаншалықты жақсарғандығы жайлы айтып өтті. Сондай-ақ, Қазақстанымыздың бетке ұстар астанасы болып табылатын Нұр Султан қаласының  тарихына көз жүгірттік. Әлихан Бөкейхановтың «Григорий Николаевич Потанин» атты мақаласындағы «Қазақты автономия қылсақ, Қараөткел – Алаштың ортасы, сонда университет салып, қазақтың ұл-қызын оқытсақ «Қозы Көрпеш – Баянды» шығарған Шоқан, Абай, Ахмет, Міржақыпты тапқан қазақтың кім екенін Еуропа сонда білер еді-ау»деген сөздерді еске түсірейікші.  Өкінішке орай ол кезде қалыптасқан саяси ахуал Алаш жұртын Қараөткелге (қазіргі Астана) шоғырландыруға мүмкіндік бермеді.  Ол  мүмкіндік өткен ғасырдың соңындағы азаттықпен бірге келді. Қазақ тарихының жаңа беттері ашылды. Тәуелсіз мемлекет құру және оның жаңа астанасын таңдау бақыты Тұңғыш мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа бұйырды. Қазіргі таңда, Астанаға 40 мыңнан астам адам табан тірепті.

Астана әртүрлі тарихи тағдыр тауқыметімен елімізге табан тіреген өзге халықтардың да мекені. Астана  – біздің ортақ шаңырағымыз.  Астана өзінің жаңа тарихында өзге ұлттарды ғана емес, бүкіл адамзатты бейбітшілік пен келісімге шақырып отыр және шақыра бермек. Еуразия жүрегінде орналасқан Астана қаласының жаңа тарихы –  бұл тәуелсіздік тарихы, бұл мемлекет тарихы, бұл ұлттық тарихы деп сөз соңын түйіндеді.

Шараға қатысушылар да өз ойларымен бөлісті. Егеменді еліміздің тұғыры тереңге кетіп, кеңінен қанат жайылуына тілектес екендігін білдірді.


Алматы қ. Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының ШЖҚ «Қалалық патологоанатомиялық бюро» КМК

Алматы қ., Алғабас ы-а., 7-көше, 131 ғимарат
8 727 383 56 11 (тізілім)
8 727 344 27 53 (әкімшілік)

Сайтты әзірлеу
SemStar