г.Алматы, микрорайон Алгабас, ул. 7, 131
8 727 383 56 11 (регистратура)
8 727 344 27 53 (администрация)
Алматы қаласы Әкімдігінің 2008 жылғы 25 қарашадағы №6-913 Қаулысының негізінде патологоанатомиялық бөлімшелер клиника құрамынан шығарылып, Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық басқармасының Қалалық патологоанатомиялық бюросы болып құрылған мекеме, қазіргі таңда Республикамыздағы ірі патологоанатомиялық бюролардың бірі болып табылады.
Бюроның ірге тасы қаланған күннен бастап 2013 жылға дейін медицина ғылымдарының кандидаты Мамбетова Гүлнәр Қасымқызы жетекшілік етті. 2014 жылдан бастап қазіргі таңға дейін Әлібеков Бақытжан Жәнібекұлы басшылық етуде.
Аталмыш мекеме 6 бөлімшеден тұрады:
Мекемеде 200-ге жуық қызметкерлер жұмыс істейді. Оның 52-і білімді дәрігерлер мен білікті мамандар, 60 тан асасы зертханашылар.
Заманымыздың талабына сай болу үшін жылда жас мамандар мен орта буын қызметкерлері оқуға немесе тәжірибе алмастыру мақсатында іссапарға жіберіліп отырады. 2018 жылдың өзінде бюро жетекшісінің ұйымдастыруымен Мәскеу, Тюмень, Барнауыл, Минск, Санкт-Петербург қалаларына барып 13 қызметкер білімі мен біліктілігін жетілдіріп келді.
Бюрода қолданыстағы ережеге сәйкес медициналық оқу орындарының (факультеттердің), орта медициналық оқу орындарының оқу базалары да орналасқан.
Студенттерге арналған және ғылыми-зерттеу жұмыстарына қажетті секция залдар, гистология, химия, бактериология ұйымдастырылған. Бюро мақтанышы болып танылатын 4 медицина ғылымдарының кандидаты, 1 медицина ғылымдарының докторы жұмыс істейді. Жас мамандардың қатарынан білімді де білікті патологоанатом дайындап шығу жолында аянбай еңбек етуде.
Зерттеу жұмыстарын оңтайлау мақсатында иммунды гистохимиялық аппараттар, 3 модульды парафинды құю станциясы, ротационды микротом т.б. заманауи қондырғылармен жабдықталған.
Әдетте, “мәйітхана” деген сөз “өлім” деген сөзбен байланысты болғаннан кейін әркім беттей бермейтін орын. Әрбір адам мәйітхананың басқа әлемге кетер алдындағы адамның соңғы қабырғасы деп түсінеді. Расында, философиялық тұрғыдан солай болғанымен, ғылыми тұрғыда басқа наным.
Негізінде “Мәйітхана” (морг) деген сөз «Morgue» француз тілінен орыс тіліне енген сөз. Қазіргі таңда, орыс тілінде мәйітхана деп ауруханалардың, сот-медициналық мекемелердің жанындағы арнаулы орындарды атайды. Бұл жерге өлген адам денелері қабылданып, сақталады; қайтыс болу себебін анықтау үшін тереңдетілген зерттеулер жүргізіледі. Белгісіз мүрделер танылған жағдайда, арнаулы құжаттар арқылы тіркеліп, жақын-туыстарына қайтарылады.
Сондай-ақ, адамдар жиі патологоанат пен судмедэксперт – бұл бір мамандық деп түсінеді. Шын мәнінде, олар ұқсас болғанымен, айырмашылықтары бар. Судмедэксперт тергеу немесе сот органдарының қаулысымен жұмыс істейді. Оның қамқорлығындағы адамдар-зорлықпен қайтыс болған құрбандар немесе қылмыстық әрекеттерден зақым алған адамдар. Ал, патологоанатом қайтыс болған “бейбіт” емделушілермен жұмыс істейді немесе биопсиялық материалдарға зерттеу жүргізеді. Патологоанатомның жұмысы науқас пен қайтыс болған адамның ауру себебтерін анықтау болса, ал сотмедэксперттың қорытындысы қылмысты ашуға көмектеседі.
Әдетте, біз адам өмірімен күресіп, аман алып қалатын дәрігерлердің еңбегін айтуға үйренгенбіз. Ал патологоанатомдар ақ халаттардағы қарапайым дәрігер болып, әрдайым көлеңкеде қалып отырады және қарапайым қатардағы патологоанатом-дәрігерінің жұмысы туралы іс жүзінде ештеңе білмейміз. Әдеби шығармалардың авторлары бейнелегендей, патологоанатом өлген адамдардың денесін ашумен айналысатын дәрігерлер деген түсінік көпшілікте қалыптасып қалған.
Республика бойынша жылына мыңдаған маман медицина оқу орындарын тәмәмдәп шығады, бірақ соның санаулысы ғана патологоанатом мамандығын таңдайды. Көбінің таңдауы арнайы салалық дәрігер болу. Шындығына келетін болсақ, патологиялық анатомия клиникалық пәндердің атасы болып табылатын жалпы патологиялық процестердің негізі зерттелмесе, аурудың нақты түрінің бейнесін, ақыры мен оның өте күрделі жүйе болып табылатын микроорганизмге әсерін дұрыс пайымдау да мүмкін емес екендігін түсіне білмейді.
Негізінде, патологоанатом – күрделі мамандық болып табылады. Ол ашып қою ғана емес, ағзада болып жатқан барлық нәрселерді түсініп, барлық патологияларды білуі және диагнозды дұрыс қоя білуі тиіс. Өйткені, дәрігердің дұрыс диагностика қою астарында адамның тағдыры жатыр. Әлемге кең тарап кеткен обыр ауруы мен өкпе құртының себептерін анықтап, емдеу жолдарын табуға мүмкіндік беретін таптырмас мамандықтардың бірі. Бірақ соңғы уақытта патологоанатом мамандығын таңдаушылардың саны көп емес, ал мұндай мамансыз медицина ақсап қалуы да ықтимал.
Бюроның негізгі қызметі – аурулардың тірі кезіндегі диагностикасын жақсарту, өлім себептерін нақтылау, өлім себептерінің мемлекеттік статистикасының шынайы деректерін қамтамасыз ету, емдеуші дәрігерлердің біліктілігін арттыру және диагностика мен емдеудің ақауларына талдау, патологоанатомиялық зерттеулердің мерзімдерін қысқарту және олардың сапасын арттыру мақсатында жұмыстың секциялық және биопсиялық бөлімдерінде зерттеулерді біріздендіру, халыққа емдеу-профилактикалық көмекті одан әрі жетілдіру болып табылады.
Мысалға, қара сөзбен айтатын болсақ, өмірі қыл үстінде жатқан адамның операциялық биопсиясына уақытылы зерттеу жүргізіп, нақты сырқатын растау, ол – адамның екінші өмірге келуге мүмкіндігін арттырғанмен тең.
Ағымдағы жылдың екінші жартысында Алматы қаласының әкімдігінің шешімімен салынған жаңа ғимаратқа көшу жоспарланып отыр. Жаңа қондырғылар мен жиһаздар орнатылуда. Осының бәрі патологоанатомия қызметінің көлемін кеңейту және жетілдіру мақсатында жүзеге асырылуда.
Алматы қ., Алғабас ы-а., 7-көше, 131 ғимарат
8 727 383 56 11 (тізілім)
8 727 344 27 53 (әкімшілік)