Республикасының Мемлекеттік рәміздер күні
4 маусымда Қазақстан Мемлекеттік рәміздер күнін атап өтеді. Қазақстан Республикасында мемлекеттік ту, мемлекеттік елтаңба және мемлекеттік әнұран мемлекеттік рәміздер болып табылады. Конституциялық заңмен белгіленген мемлекеттік рәміздер елдің ерекше белгілері болып табылады.
Азаматтық пен ұлтжандылықты, өз Отанына деген сүйіспеншілікті тәрбиелеу, Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін құрметтеу мақсатында осы атаулы күні Алматы қаласының «Қалалық патологоанатомиялық бюро» қызметкерлері мемлекеттік әнұранды орындады.







