г.Алматы, микрорайон Алгабас, ул. 7, 131
8 727 383 56 11 (регистратура)
8 727 344 27 53 (администрация)

` Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Меню

Алматы қаласының қалалық патологоанатомиялық бюросы 2017 жылдан бастап Беларусь Республикасының патологоанатомдарымен бірлесе жұмыс істеуде

Ынтымақтастық аясында Алматы бюросының дәрігер-патологоанатомдары мен зертханашы-гистологтары Минск қаласында білім алуда.

Алғашқы болып дәрігер Алмат Маратұлы Маратұлы және зертханашы-гистолог Оспанова Гүлнар Ахметжанқызы тағылымдамадан өтті.

Тағылымдама Минск қаласының Денсаулық сақтау мекемесі “Қалалық клиникалық патологоанатомиялық бюро” 2017 жылғы 20 қараша мен 1 желтоқсан аралығында өтті

Тағылымдама тақырыбы:

Жарық диоптикалық және люминесцентті микроскопия кезінде нативті бүйрек пен бүйрек трансплантатының биопсиясын бағалау.

Тағылымдама жетекшісі:

Минск қаласы патологоанатомиялық бюро бастығының медицина ісі жөніндегі орынбасары Н. В. Корнева және № 1 Жалпы патология бөлімінің меңгерушісі О. А. Юдина.

Дәрігер-патологоанатомның сынақтан өту бағдарламасының негізі

Иммуногистохимиялық зертхананың құрылымы мен жұмысының ұйымдастырылуы және бүйрек ұлпасын бояудың негізгі әдістемелері: гистохимиялық (ШИК, Трихромды Массон, конго-рот, серебрение по Джонсу) иммуногистохимиялық және иммунофлюоресценттік.

Трансплантацияланған және нативті бүйрек биопсиясын зерттеу: көрсеткіштері, қарсы көрсеткіштері, материалға қойылатын талаптар, бекіту, дайындау, гистохимиялық бояу.

Нефротикалық синдромы бар бүйрек аурулары кезінде нефробиопсияны бағалау

Жүйелі қызыл жегі, васкулиттер, анти-ГБМ гломерулонефрит, плазмоклетті дискразиялар және ұйымдастырылған депозиттері бар аурулар (миеломдық ауру және т. б.) кезіндегі бүйректің зақымдалуын зерттеу.

Бүйрек трансплантатының патологиясы, Banff жіктелуі, трансплантаттың морфологиялық өзгерістерін жіті бақыланады.

1. Басынан қабылдамау: гуморальды, жасушалық: донорлық патология. Қайта отырғызылған бүйрек препараттарын қарау.

2.Кейінірек қабылдау, ИК уыттылығы, вирустық зақымдану. Қайта отырғызылған бүйрек препараттарын қарау.

3. Кері және De novo трансплантат патологиясы. Бүйрек трансплантатының дисфункция себептерінің дифференциалды диагностикасы.

4. Қорытынды жасау, пікірталас, сұрақтарға жауап беру

Зертханашы-гистологтың тағылымдама бағдарламасы келесі сұрақтардан тұрды:

Жұмыс орнында еңбекті қорғау бойынша кіріспе нұсқаулық, құрылыммен, жұмыстың ұйымдастырылуымен, бюро жабдығымен пайдаланылатын жабдықтармен таныстырылды. Иммуногистохимиялық зертхананың құрылымы мен жұмысын ұйымдастыруға назар аударылды.

Иммуногистохимиялық зертхананың қолданылатын жабдықтарын зерттеу.  Жұқа инелі нефробиопсияларды морфологиялық зерттеу үшін қажетті зертханалық ыдыстар мен шығын материалдарын дайындау бойынша практикалық сабақтар өткізілді.

Жұқа инелі биопсияларды өткізудің теориялық және тәжірибелік негіздері, сымдар әдістемесі, сымдар қою зерттелді.

Иммундық сарысуларды, жұмыс ерітінділерін, иммуногистохимиялық және иммунофлюорссценттік зерттеулерді жүргізу үшін буферлерді дайындауға ерекше назар аударылды.

Аталған және одан кейінгі тағылымдамалар Алматы патологоанатомиялық бюросына бүйрек трансплантатының патологиясы кезінде бүйрек биопсиясына зерттеу жүргізуге (бас тарту криздері), сондай-ақ бүйректегі патологиялық процестерді анықтау мақсатында нативті бүйректі зерттеуге мүмкіндік береді. Бюрода қажетті жабдықтар, сарысулар, бояғыштар жиынтығы және ең бастысы білікті қорытынды бере алатын мамандар да бар.

1
3-1
787

Алматы қ. Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының ШЖҚ «Қалалық патологоанатомиялық бюро» КМК

Алматы қ., Алғабас ы-а., 7-көше, 131 ғимарат
8 727 383 56 11 (тізілім)
8 727 344 27 53 (әкімшілік)

Сайтты әзірлеу
SemStar