Алматы қ. «Қалалық
патологоанатомиялық бюро»

Алматы қаласы, Алғабас шағынауданы, 7-көше, 131-үй
8 727 383 56 11 (тіркеу бөлімі)
8 727 344 27 53 (әкімшілік)

  • Русский язык
  • Қазақ тілі

Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-офицер туралы ереже

1. Жалпы ереже

1. Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының ШЖҚ "Қалалық патологоанатомиялық бюро" КМК (бұдан әрі мәтін бойынша-Бюро) сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-офицері туралы осы ереже "Сыбайлас жемкорлыкка карсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі мәтін бойынша-заң) 16-бабының 3-тармағына сәйкес әзірленді.

2. Осы ереже бюродағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-офицердің өкілеттіктерін мақсаттарын, міндеттерін, қағидаттарын, функциялары мен айқындайды.

3. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-офицер туралы ереже бюроның ресми интернет-ресурсында орналастырылады және барлық қызметкерлердің назарына жеткізіледі.

4. Осы Ережеде мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

  • 1) сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-офицер бюрода және оның қызметкерлерінің Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі заннамасын сақтауын қамтамасыз ететін тұлға.
  • 2) сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау сыбайлас жемқорлық кұкық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтау және зерделеу;
  • 3) мүдделер қақтығысы-жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамдардың, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдардың, оларға теңестірілген адамдардың, лауазымды адамдардың жеке мүдделері мен олардың лауазымдық өкілеттіктері арасындағы қайшылық, бұл ретте аталған адамдардың жеке мүдделері олардың өздерінің лауазымдық міндеттерін орындамауына және (немесе) тиісінше орындамауына әкеп соғуы мүмкін;
  • 4) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық-заңда әкімшілік немесе қылмыстық жауаптылық белгіленген, сыбайлас жемқорлық белгілері бар құкыкқа қарсы кінәлі іс-әрекет (әрекет немесе әрекетсіздік);
  • 5) сыбайлас жемкорлық тәуекелі-сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ыкпал ететін себептер мен жағдайлардың туындау мүмкіндігі;
  • 6) сыбайлас жемкорлықтың алдын алу-сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл субъектілерінің алдын алу шаралары жүйесін әзірлеу және енгізу жолымен сыбайлас жемқорлық құкык бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды зерделеу, аныктау, шектеу және жою жөніндегі кызметі;
  • 7) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті орган-Қазакстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатын қалыптастыруды және іске асыруды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы үйлестіруді, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алуды, анықтауды, жолын кесуді, ашуды және тергеп-тексеруді жүзеге асыратын мемлекеттік орган және оның аумақтық бөлімшелері.

5. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-офицердің функцияларын орындайтын жауапты тұлға Байқау кеңесінің шешімімен айқындалады.

6. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-офицер өз өкілеттігін атқарушы органға, бюроның лауазымды адамдарына карамастан жүзеге асырады, байқау кеңесіне есеп береді және Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемкорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамасының талаптарын сақтауды қамтамасыз ету кезінде тәуелсіз болып табылады.

7. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-офицерді әдіснамалық қолдауды сыбайлас жемқорлыкқа қарсы іс-кимыл жөніндегі уәкілетті орган және оның аумақтық бөлімшелері көрсетеді.

8. Сыбайлас жемкорлыққа қарсы комплаенс-офицер функциясын бюродағы басқа құрылымдық бөлімшелердің функцияларымен ұштастыруға жол берілмейді.

9. Егер заңда, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы халықаралық стандарттарда сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-офицерді ұйымдастыруға осы ережеде көзделмеген талаптар мен тәсілдер белгіленген жағдайда, осы талаптар мен тәсілдерді Байқау кеңесі (ол болған кезде), болмаған жағдайда бюро басшысы бекітеді.

2. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-офицерінің мақсаттары, міндеттері, принциптері, функциялар мен өкілеттіктері

1. Сыбайлас жемкорлыққа қарсы комплаенс-офицер кызметінің негізгі мақсаты бюрода және оның қызметкерлерінде Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамасының сақталуын қамтамасыз ету, сондай-ақ сыбайлас жемкорлыққа қарсы іс-шаралардың іске асырылуына мониторинг жүргізу болып табылады.

2. Сыбайлас жемкорлыққа қарсы комплаенс-офицердің міндеттері:

  • 1) бюрога және оның қызметкерлеріне сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылыктардың алдын алу және алдын алу құралдарын енгізуді қамтамасыз ету;
  • 2) бюрода сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі шаралар жүйесін тиімді іске асыру;
  • 3) бюрода сыбайлас жемкорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізуді қамтамасыз ету;
  • 4) сыбайлас жемкорлыкка қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша сыртқы реттеуші талаптардың және үздік халықаралық практиканың сақталуын қамтамасыз ету;
  • 5) заңға сәйкес сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың негізгі қағидаттарының сақталуын қамтамасыз ету.

3. Бюро сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-офицер функцияларын енгізу және жүзеге асыру кезінде мынадай қағидаттарды басшылыққа алады:

  • 1) сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-офицердің функцияларын орындау үшін бөлінетін өкілеттіктер мен ресурстардың жеткіліктілігі;
  • 2) басшылыктың сыбайлас жемқорлықка карсы комплаенс-офицердің тиімділігіне мүдделілігі;
  • 3) сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-офицер қызметінің ақпараттық ашықтығы;
  • 4) сыбайлас жемкорлыққа қарсы комплаенс-офицердің тәуелсіздігі;
  • 5) сыбайлас жемкорлыкка қарсы комплаенс-офицерді жүзеге асырудың үздіксіздігі;
  • 6) сыбайлас жемкорлыққа қарсы комплаенс-офицерді жетілдіру;
  • 7) сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-офицердің кұзыретін үнемі арттыру.

4. Сыбайлас жемқорлықка карсы компла офицердің функциялары:

  • 1) бюроның сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың ішкі саясатын; Бюро қызметкерлері үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі нұскаулықты; бюродағы мүдделер кактығысын анықтау мен реттеудің ішкі саясатын; сыбайлас жемқорлыққа қарсы -қимыл туралы заңнамаға сәйкес сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандартты; сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі ішкі іс-шаралар жоспарын; бюро қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл заңнама; корпоративтік этика және мінез-құлық мәселелерін реттейтін құжат;
  • 2) бюрода сыбайлас жемқорлыкка қарсы саясаттың тиімділігіне қатысты ақпаратты жинауды, өңдеуді, корытуды, талдауды және бағалауды жүзеге асырады;
  • 3) бюро қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізуді үйлестіреді;
  • 4) сыбайлас жемкорлыкқа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті органның және бюроның бірінші басшыларының бірлескен шешімі бойынша жүргізілетін бюро қызметіне сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін сыртқы талдауға қатысады; бюрода анықталған сыбайлас жемкорлық тәуекелдеріне мониторингті және оларды митигациялау және жою жөнінде қабылданатын шараларды жүзеге асырады;
  • 5) бюрода сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және сыбайлас жемқорлыкка карсы мәдениетті калыптастыру мәселелері бойынша түсіндіру іс-шараларын жүргізеді;
  • 6) бюро кызметкерлері үшін сыбайлас жемкорлыкка қарсы оқыту семинарларын ұйымдастырады;
  • 7) бюро кызметкерлерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саясатын және корпоративтік әдеп пен мінез-құлық мәселелерін сақтауын бақылауды камтамасыз етеді;
  • 8) бюро ұжымында жалпы қабылданған моральдық-этикалық нормаларға сәйкес келетін өзара карым-катынас мәдениетін қалыптастыруға жәрдемдеседі;
  • 9) сыбайлас жемкорлыққа қарсы комплаенс-офицердің құзыреті шеңберінде мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдарға теңестірілген адамдардың занда белгіленген қаржылық бақылау шараларын және сыбайлас жемқорлыққа карсы шектеулерді сақтауын қамтамасыз етеді;
  • 10) бюроның кұрылымдық бөлімшелерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі ішкі іс-шаралар жоспарын орындауына мониторинг әзірлейді және жүргізеді;
  • 11) мүдделер қақтығысын, оның ішінде бюроның жұмысқа орналасу, сатып алу және бизнес процестерін реттеу мәселелерін анықтау, мониторингілеу және реттеу жөнінде шаралар қабылдайды;
  • 12) бюрога сыйлықтар беру және алу мәселелерін реттеу жөнінде шаралар қабылдайды;
  • 13) контрагенттердін сенімділігін кешенді тексеруді жүзеге асырады;
  • 14) бюрода сыбайлас жемқорлық фактілері туралы өтініштер (шағымдар) негізінде қызметтік тексерулер жүргізеді және/немесе оларға катысады;
  • 15) бюрода сыбайлас жемқорлыққа байланысты істер бойынша сыбайлас жемкорлыкка карсы заңнамадағы, сот практикасындағы өзгерістерге мониторинг пен талдау жүргізелі;
  • 16) құрылымдык бөлімшелер мен Бюро қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы шараларды іске асыру тиімділігіне бағалау жүргізеді;
  • 17) сыбайлас жемкорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі бюроның құрылымдық бәлімшелері мен қызметкерлерінің акпаратын тыңдайды;
  • 18) бюро басшысына анықталған сыбайлас жемкорлық тәуекелдерін жою, бюро қызметін ұйымдастырудың ішкі процестерінің тиімділігін арттыру жөнінде ұсынымдар енгізеді;
  • 19) бюро кызметінің ерекшелігіне карай, егер мұндай функциялар тәуелсіздікке әсер етпесе жане музалер қақтығысын тудырмаса, комплаенс-офицер, іскерлік этика, орнықты даму наслелеріне байланысты функцияларды жүзеге асырады;
  • 20) Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті органмен және мемлекеттік органдармен, квазимемлекеттік сектор субъектілерімен, коғамдық бірлестіктермен, сондай-ақ өзге де жеке және заңды тұлғалармен өзара іс-кимыл жасайды.

5. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-офицердің функционалдык міндеттері, құқықтары мен жауапкершілігі лауазымдық нұсқаулықтармен не қызметкердің қызметтік құқықтары мен міндеттерін айқындайтын, сыбайлас жемкорлыкка қарсы комплаенс-офицер туралы ереженің негізінде әзірленетін құжаттармен айкындалады және бюроның Байкау кеңесі бекітеді.

6. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-офицердің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша бюроның басқа құрылымдық бөлімшелеріне сыбайлас жемкорлыкка карсы комплаенс-офицердің атынан жіберілетін құжаттар сауалдарға сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-офицер кол қояды.

7. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-офицер комплаенс-офицер саласындағы уәкілетті органдар мен кәсіби ұйымдар өткізетін оқыту іс-шараларына қатысу арқылы кәсіби біліктілігін ұдайы арттыруы қажет.

8. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс- офицер өз қызметі шеңберінде:

  • 1) бюроның кұрылымдык бөлімшелерінен ақпарат пен материалдарды, оның ішінде коммерциялық және қызметтік құпияны құрайтын материалдарды сұратады және алады;
  • 2) өз құзыретіне жататын мәселелерді Байқау кеңесінің карауына шығаруға бастамашылык жасайды;
  • 3) ықтимал сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар немесе Қазакстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамасын бұзушылыктар туралы келіп түсетін хабарламалар бойынша қызметтік тексерулер жүргізеді;
  • 4) бюро басшысынан және басқа да қызметкерлерінен қызметтік тергеп-тексеру шеңберінде жазбаша түсініктемелер беруді талап етеді;
  • 5) Қазакстан Республикасының сыбайлас жемкорлыкқа қарсы заңнамасын жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлейді және оларды сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті органға жібереді;
  • 6) өз құзыреті шегінде ішкі құжаттардың жобаларын әзірлеуге қатысады;
  • 7) бюро қызметкерлерінің бюроға сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы бұзудын болуы немесе ықтимал мүмкіндігі туралы хабарлауы не бюроға сыбайлас жемкорлыкка қарсы іс-қимыл жөніндегі шаралардың тиімділігін арттыру жөнінде ұсыныстар енгізу упни ақпараттандыру арналарын құрады;

9. Өз қызметін жүзеге асыру кезінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-офицер:

  • 1) бюро және оның үлестес тұлғалары туралы акпараттың, сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-офицер функцияларын жүзеге асыру кезеңінде белгілі болған инсайдерлік акпараттың, егер онда дайындалып жатқан және (немесе) жасалған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық туралы деректер болмаса, құпиялылығын сактайды;
  • 2) сыбайлас жемкорлыктың болжамды немесе нақты фактілері, корпоративтік әдеп кодексін және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселері жөніндегі өзге де ішкі құжаттарды бұзушылықтар бойынша бюроға жүгінген адамдардың құпиялылығын қамтамасыз етеді;
  • 3) байқау кеңесін, бюро басшысын сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы бұзудын болуы немесе ықтимал мүмкіндігіне байланысты кез келген жағдайлар туралы уақтылы хабардар етеді;
  • 4) сыбайлас жемкорлыкка қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті органның назарына белгілі болған дайындалып жаткан, жасалатын немесе жасалған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылык жағдайлары туралы жеткізеді;
  • 5) бюроның белгіленген жұмыс режиміне кедергі келтірмейді;
  • 6) кызметтік және кәсіби этиканы сақтайды.

10. Сыбайлас жемкорлыкқа қарсы комплаенс-офицер:

  • 1) олар алдынгы үш жыл ішінде қатысқан процестерді тексеруге қатысуға;
  • 2) тексерудің бейтараптығына нұқсан келтіретін немесе осындай нұқсан келтіретін ретінде қабылданатын қызметке қатысуға құкылы;
  • 3) құпия ақпаратты жеке мүддесі үшін пайдалануға;
  • 4) іскерлік әдеп нормаларын бұзуға;
  • 5) сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-офицердің тәуелсіздігіне, объективтілігіне және бейтараптылығына нұқсан келтіруі мүмкін не осындай нұқсан келтіретін ретінде кабылдануы мүмкін сыйлықтар қабылдауға және көрсетілетін кызметтерді пайдалануға құқылы;
  • 6) мүдделер қақтығысына әкеп соғуы мүмкін тексерулерге, қызметтік тергеулерге және баска да іс-шараларға қатысуға міндетті.

11. Бюро басшылығына:

  • 1) сыбайлас жемкорлыққа қарсы комплаенс-офицердің қызметін жүзеге асыру үшін тиімді орта құруға жәрдемдесуге, оның мақсаттарын, міндеттерін, функциялары мен міндеттерін орындауға, құқықтарын іске асыруға жәрдемдесуге;
  • 2) сыбайлас жемкорлыкка карсы комплаенс-офицердің қызметін әкімшілік (ұйымдық-техникалық) камтамасыз етуді жүзеге асыруға, оның ішінде Ақпараттық жүйелер мен қосымшаларды (қажетті деректер базасына қолжетімділікті) коса алғанда, оның қызметіне кажетті мүмкіндіктермен, активтермен және ресурстармен және өзге де тауарлармен, жұмыстармен, көрсетілетін қызметтермен қамтамасыз етуге;
  • 3) сыбайлас жемкорлыкка карсы комплаенс-офицерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-офицердін кызметі, әлеуметтік және коммуникациялық дағдылар мен құзыреттер мәселелері бойынша оқыту және сертификаттау мүмкіндіктерін беруге міндетті.

12. Сыбайлас жемкорлыкқа қарсы комплаенс-офицердің бюроның құрылымдық бөлімшелерімен өзара іс-қимылы жұмыстағы өзара сыпайылық пен дұрыстық негізінде кұрылады.

13. Бюроның кұрылымдық бөлімшелерінің қызметкерлері сыбайлас жемкорлыкка карсы комплаенс-офицерге:

  • 1) осы Ереженің 12-тармағының 1) тармақшасында белгіленген ерекшеліктерді ескере отырып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-офицердің міндеттері мен функцияларын жүзеге асыру үшін қажетті құжаттар мен акпаратты ұсыну;
  • 2) Анықталған тәуекелдер мен бұзушылықтарды объективті талқылау;
  • 3) туындайтын мәселелер мен проблемаларды бірлесіп шешу.

3. Сыбайлас жемкорлыққа қарсы комплаенс-офицердің есептілігі

14. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-офицер бюроның қабылданған сыбайлас жемкорлыкка карсы шаралары бойынша ақпаратты тоқсан сайын сыбайлас жемкорлыкка карсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті органға жібереді. Сыбайлас жемкорлыкка карсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті органның сұрау салуы бойынша бюрога кабылданған сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар бойынша қосымша ақпарат жіберіледі.

15. Сыбайлас жемкорлыкка карсы комплаенс-офицер байқау кеңесіне мезгілінде есеп беріп отырады. Бюро басшысы тарапынан ықтимал сыбайлас жемкорлық құкык бұзушылыктар туындаған кезде сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-офицер Занның 24-бабының 1-тармағына сәйкес уәкілетті мемлекеттік органдарға жүгінеді.


Алматы қ. Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының ШЖҚ «Қалалық патологоанатомиялық бюро» КМК

Алматы қ., Алғабас ы-а., 7-көше, 131 ғимарат
8 727 344 27 53 (әкімшілік)

Сайтты әзірлеу
SemStar