Қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы бұзу фактілері немесе итермелеу жағдайлары туралы ақпараттандыру тәртібі
МАЗМҰНЫ
- 1 тарау. Жалпы ережелер
- 2 тарау. Терминдер мен анықтамалар.
- 3-тарау. Жұмысшыларды сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы бұзу фактілері немесе итермелеу жағдайлары туралы ақпараттандыру тәртібі..
- 4-тарау. Кәсіби қызметін жүзеге асыру кезінде жұмысшылар тарапынан сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактілерін анықтау кезіндегі іс-әрекет тәртібі.........
- 5-тарау. Қорытынды ережелер.
1 тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Тәртіп Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңына сәйкес әзірленген. Бұл Тәртіп Алматы қаласы ҚДСБ ШЖҚ «Қалалық патологоанатомиялық бюро» КМК (бұдан әрі Бюро) қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарын жасауға итермелеу жағдайлары туралы жұмыс берушіге хабарлау тәртібін анықтайды.
2. Осы Тәртіп сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарын жасауға итермелеу жағдайлары туралы жұмыс берушіге хабарлау тәртібін белгілейді.
2 тарау. Терминдер мен анықтамалар
Жемқорлық - бұл жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын тұлғалардың, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілетті адамдардың, сондай-ақ оларға теңестірілген тұлғалардың, мемлекеттік қызметшілердің өздерінің лауазымдық (қызметтік) өкілеттіктерін және оларға байланысты мүмкіндіктерін өздері немесе үшінші тұлғалар үшін жеке мүліктік (мүліктік емес) игіліктер мен артықшылықтар алу мақсатында заңсыз пайдалану, сондай-ақ осы аталмыш тұлғаларды жеке игілігі мен артықшылықтарды ұсыну арқылы парамен сатып алу.
Жемқорлықа қарсы күрес бұл мемлекеттік органдардың, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, білім беру ұйымдарының, азаматтық қоғам институттарының, ұйымдардың және жеке тұлғалардың сыбайлас жемқорлықты алдын алу, сыбайлас жемқорлық қылмыстарын жасаған тұлғаларды қылмыстық жауапкершілікке тарту және олардың салдарын азайту бойынша үйлестірілген қызмет.
Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық- сыбайлас жемқорлық белгілері бар заңсыз кінәлі әрекет (әрекет немесе әрекетсіздік), ол үшін заңмен әкімшілік немесе қылмыстық жауапкершілік көзделген.
Сыбайлас жемқорлық қаупі сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарын жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайлардың пайда болу мүмкіндігі.
Сыбайлас-жемқорлықтың алдын алу сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарын жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды зерттеу, анықтау, шектеу және жою бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы субъектілердің қызметі, алдын алу шаралары жүйесін әзірлеу және енгізу арқылы жүзеге асырылады.
Пара- лауазымды тұлғаның жеке өзі немесе делдал арқылы ақшаны, бағалы қағаздарды, басқа мүлікті немесе оған заңсыз көрсетілген мүліктік сипаттағы қызметтерді, басқа мүліктік құқықтарды алу арқылы лауазымды тұлғаның өз лауазымдық өкілеттіктеріне кіретін әрекеттерді (әрекетсіздікті) орындауы немесе орындамауы үшін, сондай-ақ жалпы қамқорлық немесе қызметте көз жұмуы.
3-тарау. Жұмысшыларды сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы бұзу фактілері немесе итермелеу жағдайлары туралы ақпараттандыру тәртібі
1. Бюро қызметкерлері сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарын жасауға итермелеген кез келген тұлғалардың өздеріне жасаған әрекеттері туралы жұмыс берушіні дереу хабардар етуге міндетті.
2. Егер қызметкер іссапарда, демалыста немесе жұмыс орнынан тыс жерде болса, ол жұмыс орнына келгеннен кейін дереу жұмыс берушіні хабардар етуге міндетті.
3. Жұмыс берушіні сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарын жасауға итермелеген фактілер туралы хабардар ету (бұдан әрі - Хабарлама) жазбаша түрде жүзеге асырылады.
Хабарлама жемқорлыққа қарсы саясатты жүзеге асыруға жауапты тұлғаға тапсырылады, пошта арқылы немесе арнайы «Сенім жәшігі» арқылы беріледі.
Жәшіктегі ақпарат аптасына екі рет жемқорлыққа қарсы саясатты жүзеге асыруға жауапты тұлға тарапынан алынады.
4. Хабарламада келесі мәліметтер болуы тиіс:
- Хабарлама жіберген тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты, лауазымы, тұратын жері және телефоны;
- Қызметкерге сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарын жасауға итермелеген жағдайлардың сипаттамасы (күні, орны, уақыты, басқа жағдайлар);
- Қызметкерге сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарын жасауға итермелеген тұлғалардың толық мәліметтері;
- Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарын жасауға итермелеген тұлғаның ұсынысын қабылдаудан бас тарту немесе келісу туралы ақпарат.
5. Барлық хабарламалар арнайы журналда міндетті түрде тіркеледі.
6. Журналды жүргізу міндеті Бюроның жемқорлыққа қарсы саясатты жүзеге асыруға жауапты тұлғасына жүктеледі.
7. Жиналған мәліметтердің құпиялылығы жұмыс беруші мен жемқорлыққа қарсы саясатты жүзеге асыруға жауапты тұлға тарапынан қамтамасыз етіледі.
8. Жасырын хабарламалар қарастырылмайды.
4 тарау. Кәсіби қызметін жүзеге асыру кезінде жұмысшылар тарапынан сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактілерін анықтау кезіндегі іс-әрекет тәртібі
1. Егер қызметкер өзінің кәсіби қызметін жүзеге асыру кезінде жеке немесе заңды тұлғалардан материалдық пайда алуын талап етсе, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл комиссиясы шақырылады.
2. Қабылданған арыз сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл комиссиясының отырысында қаралады.
3. Комиссияның осы фактіні қарау отырысы факт анықталған күннен кейінгі жұмыс күніне дейін белгіленеді.
4. Қызметкердің сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарын жасауға итермелегені туралы жеке немесе заңды тұлғалардың арызы арнайы журналда тіркеледі (Қосымша №2).
5. Арызды қарау нәтижелері бойынша комиссия қызметтік тергеу жүргізу туралы шешім қабылдайды.
6. Арызда көрсетілуі тиіс мәліметтер тізімі:
- Арыз берген адамның аты-жөні, лауазымы, тұрғылықты мекенжайы және телефоны;
- Қызметкердің сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарын жасауға итермелеген жағдайлар туралы мәліметтер (күні, орны, уқыты және басқа жағдайлар);
- Қызметкердің қандай сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарын жасауға итермелегені туралы толық мәліметтер;
- Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылығын жасауға итермелеген жеке немесе заңды тұлға туралы барлық белгілі мәліметтер;
- Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылығын жасауға итермелеген тәсілдер мен жағдайлар, сондай-ақ ұсынысты қабылдаудан бас тарту (келісу) туралы ақпарат.
7. Барлық арыздар арнайы журналда міндетті түрде тіркеледі (Қосымша №2).
8. Журналды жүргізу міндеті Бюроның сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саясатын жүзеге асыруға жауапты тұлғаға жүктеледі.
9. Анонимді арыздар қарауға қабылданбайды.
10. Құпиялылықты қамтамасыз ету жұмыс беруші мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саясатын жүзеге асыруға жауапты тұлға тарапынан қамтамасыз етіледі.
5 тарау. Қорытынды бөлім
1. Осы Тәртіп Бюро қызметкерлерінің де, Бюро басшылығының да бастамасы бойынша қайта қаралуы мүмкін.
2. Осы Тәртіпке өзгерістер мен толықтырулар жергілікті актілерді қабылдау тәртібіне сәйкес енгізілуі мүмкін.
3. Осы Тәртіп қол қойылған сәттен бастап күшіне енеді.


